Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды. Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ханғай жотасында, Өтүкен аймағында керемет жаңалық ашылды. Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды. Салтанатты кешенде табылған бітіктаста тарихымызға бетбұрыс жасайтын түрк және соғды жазуымен мәтіндер бар!

Баршаға құтты болсын!»,-деп жазды ғалым.

Сондай-ақ ол аталмыш ақжолтай жаңалыққа қатысты өзге де ақпараттарды ертең Ұланбатырдағы баспасөз орталығында өтетін жиында жариялайтынын хабарлады.




Фото:facebook.com/darhan.hidirali




Соңғы жаңалықтар