«Түрік қорғаны» тұрғызылатын болды

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Түрік билігі елдің оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясының Сирия мемлекетімен шектесер тұсын төрт метрлік дуалмен қоршауды қолға алды.

«Түрік қорғаны» тұрғызылатын болды

Бұл туралы muslim.kz хабарлады.

Тас дуалдың ұзындығы 900 шақырымға созылмақ. Осы арқылы ел басшылары сириялық босқындардың заңсыз миграциясына шектеу қоюды көздеп отыр.

2011 жылдың көктемінде басталған Сириядағы қанды қырғынның әлі күнге толастар түрі көірнбейді. БҰҰ мәліметі бойынша бүгінгі таңға дейінгі опа болғандардың саны 100 мың адамнан асып жығылған. Ал, 1,7 млн. адам туған үйін тастап, бас сауғалап кеткен.

Қаңтар айының 22-нде Женева қаласында Ресей және АҚШ-тың қатысуымен өтетін бейбіт конференция елдегі азаматтық соғыстың аяталуына септігін тигізеді деп күтілуде.