Түрік мектептерінде араб киімін киген ұстаздарға қарсы науқан басталды

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Оқушылар мен олардың ата-аналары және мұғалімдер шариғат шәлісінен бөлек арабтардың киімін киген оқытушы әйелге жаппай наразылық танытып, оған қарсы науқан ұйымдастырды, деп жазады muslim.kz.

Түрік мектептерінде араб киімін киген ұстаздарға қарсы науқан басталды

Жуырда ғана мектеп қабырғасында бірыңғай мектеп киім үлгісінің қолданыстан шығарылуына әрі әркімнің өз қалауына қарай киінуіне рұқсат берілуіне байланысты Түркияның Балықесір провинциясына қарасты Айбалық елді мекеніндегі бастауыш және орта сыныптарда түрік тілінен сабақ беретін Еліп Қыса есімді әйелдің үстіміздегі оқу жылының алғашқы күнінен бастап, жұмыс орнына шымқай қара киініп келгені әріптестерінің де, шәкірттердің де шымбайна тиді. Елдің қытығына тиген оның бұл қылығына қарсы науқанды ұйымдастырған Нәхіл Филиз: «Ол дін мен зайырлы қоғам арасына от тастау үшін әдейі істеп отыр. Оның киімі еліміздегі мұсылмандарға да жат. Мұны мұсылманның таңдау еркінің көрінісі дей алмас едім, бұл шариғатты балаларға мәжбүрлеп танудың бір жолы»,- деді ашына тіл қатып.