Түрік парламенті президенттік билікті күшейтуге дауыс берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркия депутаттары президенттің рөлін күшейтетін конституциялық реформаның негізгі ережелерін бекітті. Бұл тралы Lenta.ru Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Негізгі құжаттың үш жаңа бабында қарастырылғандай, парламент бұдан былай бақылаулық рөлге, ал президент партиялық қатыстылығын сақтап, атқарушылық билікті басқара алады.
550 депутаттың 340-ы бұл ұсынысты қолдап дауыс берді. Бұл өзгеріс екі реттік дауыс берілгеннен кейін өтіп, жалпыхалықтық референдумға шығарылады.
13 қаңтар күні бекітілген өзгерістер - реформаның тек жартысы, ал қалған ережелерді талқылау жалғасуда. Режеп Тайып Ердоған қабылдайтын жаңа конституцияның жобасы президенттік өкілеттілікті нығайтуға бағытталған.
Құжатты қабылдаған жағдайда, мемлекет басшысының қарамағына қарулы күштер мен арнайы қызмет тікелей бағынатын болады. Қазіргі таңда олардың қызметі алқалық орган - Жоғары әскери кеңес арқылы жүргізілуде.