Түрік парламентшілері Қазақстан Президентінің Жолдауын жоғары бағалады

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат -  Түркия парламентінде Қазақстан Елшілігі Қазақстан мен Түркия арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуына
None
None

және ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Іс-шараға қазақстан-түрік парламенттік достық тобының құрамынан оның төрағасы Халюк Ипек бастаған депутаттар қатысып, оларға Жолдаудың түрік тіліне аударылған мәтіні бар брошюра табыс етілді.

Елші Ж.Түймебаев қатысушыларға елдің әлеуметтік-экономикалық бағытындағы негізгі жетістіктері, Мемлекет басшысының жылсайынғы Жолдауда қойған мақсатттары мен міндеттері, сондай-ақ үстіміздегі жылғы қаңтарда ҚР Парламентінің Мәжілісіне өткен сайлау туралы ақпарат берді. Ел басшылығы қабылдап отырған бағдарламалардың басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын нығайту екендігі атап өтілді.

Ж.Түймебаев екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін және байланыстардың қарқындылығын ерекше атап өтті. «Дөңгелек үстелдің» қатысушылары Қазақстан Президентінің сыртқы саяси бастамаларымен, соның ішінде Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесін (Түркі кеңесі), Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясын (ТүркПА), АӨСШК, Қазақстанның ЕҚЫҰ, ИЫҰ-на төрағалығы туралы, таныстырылды.

Түрік депутаттары Жолдаудың мазмұнын жоғары бағалады,  құжаттың әлеуметтік бағыттылығы парламентшілердің ерекше қызығушылығын туғызды. Депутаттар, әсіресе  бауырлас Қазақстанға бұрынғыдан да биік жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін, іске асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар мен стратегияларды  атап өтті.

«Жолдауда қазақстандық қоғамды әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың жаңа кезеңінің стратегиялық басымдықтары, мемлекетті, қауіпсіздікті одан әрі нығайту және бауырлас республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру жөніндегі шаралар кешені нақты айқындалған», - деп атап көрсетті қазақстан-түрік парламенттік достық тобының төрағасы Халюк Ипек.

Іс-шараның соңында түрік парламентшілері Қазақстанның даму қарқынына қанағаттанушылық пен парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруға сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар