Түрік премьерінің Шынжаңдағы геноцид туралы мәлімдемесі Бейжіңнің наразылығын туғызды

Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Цинь Ган.
Шынжаңдағы этникалық ұйғырлардың геноциді жайлы түсіндірме беруді сұраған Түркия Премьер-министр Реджеп Ердоғанның мәлімдемесіне қытай дипломаты осындай жауап берді. Түрік премьерінің мәлімдемесіне жауап берген Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі, шілденің 5-інде Үрімшіде орын алған тәртіпсіздіктер кезінде хань ұлтының өкілдері көбірек қаза тапқанын айта келіп, сондықтан да ұйғырлар геноциді деп айыптауға «ешқандай негіз жоқ екенін» баса атап көрсетті. Және Қытайдағы қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімге іріткі салғысы келетін сепаратистерді, экстремистер мен лаңкестерді «кейбір елдердің» қолдап отырғанын баса атап көрсетті.