Түрік жүйрігі допинг қолданғаны үшін Олимпиада-2012 алтынынан айырылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лозаннада Спорттық төрелік соты (CAS) түріктің жүйрігі Аслы Чакын Алптекиннің 2010 жылғы 29 шілдеде көрсеткен нәтижесінің күшін жоятын шешім қабылдады, деп хабарлады CAS баспасөз қызметі.
Оған себеп - тыйым салынған препаратты қолдану.
Спортшы Лондондағы Олимпиада-2012-дегі 1500 м қашықтықта жеңіп алған алтын медалін қосқанда, бірқатар наградаларынан айырылды. Бұдан басқа, жүйрік 8 жылға жарысқа қатысу құқығынан айырылды, жаза мерзімі 2021 жылғы 9 қаңтарда аяқталады.