Түрікмен спортшылары медальдар санын 200-ден асырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан астанасы Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында жергілікті спортшылар медальдар санын 200-ден асырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Дәл қазіргі көрсеткіш бойынша Түрікменстан спортшылары 206 медальмен көш бастап келеді. Оның 79-ы алтын, 58-і күміс, 69-ы қола медаль.
None
None

Ал осы жарыстың тоғызыншы күні екінші орынға Қытай спортшылары жайғасты.  Олардың еншісінде 23 алтын, 21 күміс, 17 қола, жалпы 61 медальға қол жеткізді. Үшінші орында 22 алтын, 18 күміс, 49 жалпы 89 медаль иеленген Иран құрамасы келеді. Төрттікті Қазақстаннан 1 алтын медаль артық алған Өзбекстан спортшылары уысында ұстап тұр. Олар 21 алтын, 28 күміс, 57 қола жалпы 106 медаль жеңіп алды. Ал отандастарымыз әзірге 20 алтын, 18 күміс, 27 қола жалпы 65 медальмен бесінші орында келе жатыр.

Айта кетейік, аталмыш байрақты додаға ел намысын қорғауға Қазақстанның 150  спортшысы аттанды. Олар жарыстың 17 түрінен сынға түсуде.

Соңғы жаңалықтар