Түрікмен және Иран шекарасында қуатты жер сілкінісі болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранның солтүстігінде, Түрікменстанмен шекараға жақын маңда, жергілікті уқыт бойынша шамамен 22:30-да қуаты 5,8 балл жер сілкінісі болды.
Бұл туралы earthquake-report.com сайты жазды.
Зілзала ошағы орналасқан Иранның Бонджурт қаласында бірнеше ғимараттар мен үйлердің бүлінгені туралы хабарланды. Бірнеше елді мекендер түгелдей қираған. 220 адамның құрбан болғаны жөнінде деректер бар.
Жер асты дүмпуі Ашхабатта да сезілген. Қала тұрғындары үйлерінен жүгіріп сыртқа шыққан. Дереккөздердің айтуларынша, қала тұрғындарының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.