Түрікменстан әйелдері 8 наурызға сыйлыққа 14 доллардан алады

АСТАНА. 3 наурыз. ҚазАқпарат - Түрікменстанның тұрғындары 8 наурыз мерекесіне 14 доллардан алады. Қаражат сыйлықтарына нәзік жандылар жас және жұмыс ерекшеліктеріне қарамастан ие болады.

Түрікменстан әйелдері 8 наурызға сыйлыққа 14 доллардан алады

Бұл туралы Ресейлік жаңалықтар қызметі хабарлады.

Атап өтейік, бұл республиканың әйелдері Мемлекет басшысының атынан мерекеге орай атаулы ақшалай сыйлықты жыл сайын алып тұрады. Бұл дәстүр Түрікменстанның алғашқы президенті Сапармұрат Ниязовтың кезінде енгізілген болатын.