Түрікменстан Қазақстан шекарасы арқылы автомагистраль жүргізбек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан үкіметінің мәжілісінде ұзақтығы 242 км болатын Түрікменбасы-Гарабогаз-Қазақстан шекаралық автомобиль жолы құрылысының жоспары туралы баяндалды, деп хабарлайды Trend Түрікмен довлет хабаралары мемлекеттік агенттігіне сілтеме жасай отырып.
None
None

Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов ақпаратта көрсетілгендей, Ашхабад-Түрікменбасы жоғары жылдамдықты мультимодальды жолының жалғасы болып табылатын аталған трассаның құрылысын мұқият зерттеуді тапсырды. Өз кезегінде ол көлік ағымының көлемін арттырып, көршілес елдер арасындағы тауар айналымын арттырады.

Сәуір айында Түрікменстан мен Қазақстанның Астанада стратегиялық серіктестік жөніндегі келісімге қол қойғаны хабарланған болатын. Түркменстан мен Қазақстан президенттері Гурбангулы Бердымухамедов пен Нурсултан Назарбаев Түрікменстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасында демаркациялық жұмыстарын жүргізу жөніндегі келісімге қол қойды.

Тараптар содан бері екі елдің жолдарын байланыстыратын автожолдарда Маңғыстау облысы мен Түрікменстанның Балқан облысы арасында шекара маңындағы сауда аумағын құруды қарастыруда.

Соңғы жаңалықтар