Түрікменстан Қытайға табиғи газ жеткізуді ұлғайтады

ЙЖІҢ. 24 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Қытай Түрікменстаннан табиғи газ сатып алуды ұлғайтады.
None
None

Бейжіңде сәрсенбі күні ҚХР СІМ ресми өкілі Лю Вэймин мәлімдегендей, Түрікменстан мен Қытай көшбасшыларының келіссөздері қорытындылары бойынша, түрікмен газын Қытайға жеткізуді ұлғайту туралы келісім жасалды.

Қытай дипломаты Бейжің Ашхабадпен энергетикалық ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті және Қытайға түрікмен газын жеткізуді ұлғайтуға ниетті. Түрікменстан ірі газ өндіруші, ал Қытай «көгілдір отын» тұтынушы. Бүгінгі таңда Қытайға табиғи газ «Орталық Азия-Қытай» құбыры арқылы тасымалдануда.

Бұдан бұрын президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедов қытай БАҚ-тарына берген сұхбатында Түрікменстанның Қытаймен қатынастары ұзақмерзімді, стратегиялық сипатта екенін мәлімдеді. «Түрікменстан үшін Қытай орасан зор және ұлы мемлекет қана емес, қуатты әлемдік экономикалық және өнеркәсіптік орталық, кең ауқымды және перспективалы нарық. Бұл - сыннан өткен сенімді дос», деп атап көрсетті түрікмен басшысы.

Соңғы жаңалықтар