Түрікменстан президенті «Әлем әдебиеті» жұрналын түркімен тілінде шығаруды тапсырды

АСТАНА. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат - Түрікменстанда ұлттық тілге аударылған әлемдік әдебиет классикаларының арнайы жұрналы басып шығарылатын болды. Бұл туралы жергілікті басылымдарға сілтеме жасап «Маяк» радиосы хабарлап отыр.
None
None

Республика президенті Құрбанқұлы Бердымұхамедов мәдениет пен бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға арналған кеңесте, ел үкіметіне «Әлем әдебиеті» жұрналын түрікмен тілінде шығаруды тапсырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа басылымда түрікмен тіліне аударылған әлемдік әдебиет классикасының туындылары басып шығарылуы керек.

Қ. Бердымұхамедовтың пікірінше, бұл, ең алдымен, жастар үшін қажет.

Соңғы жаңалықтар