Түрікменстан Президенті баласына дұрыс тәрбие бермегені үшін министрді қызметінен босатты
АСТАНА. 15 сәуір. ҚазАқпарат - Өз баласына тәрбие бере алмаған басшыға үкіметте орын жоқ. Осындай айыптаулармен Түрікменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедов энергетика министрін қызметінен босатты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Ведомство басшысы оның ұлы жол-көлік апатын жасағаны үшін қызметімен қош айтысты. Ол политехникалық институтта оқитын курстастарымен бірге түнгі автожарыс ұйымдастырған. Апат салдарынан бір адам қазаға ұшырады.
Бұл оқиға үкімет отырысында қаралды. Министрмен бірге политехникалық институттың ректоры да қызметінен кетті. Президенттің пікірінше, қайғылы оқиға институтте тәрбие жұмысына мән берілмегенін көрсетті.