Түрікменстан президенті шенеуніктерге компьютер меңгеруді міндеттеді

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Түрікменстанның президенті Құрбанқұлы Бердымұхамедов басшылық қызметтегі барлық шенеуніктер компьютермен жұмыс істеуді үйренуге міндетті екендігін мәлімдеді,

Түрікменстан президенті шенеуніктерге компьютер меңгеруді міндеттеді

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

"Талап, әрине, қатаң, алайда онсыз бүгінгі күні экономиканы басқару, елдің жан-жақты дамуында жоғары нәтижелерге қол жеткізу оңай емес», - деді Қ.Бердымұхамедов.

Қ. Бердымұхамедов мұндай мәлімдемені 10 қаңтар, дүйсенбі күні үкіметтің мәжілісінде жасады. Ол сондай-ақ, мемлекеттік қызметкерлер орындарын сақтап қалуы үшін компьютер үйрететін ақылы курстар ашу керектігін және оны таяу уақытта ұйымдастыруды ұсынды.