09:28, 27 Ақпан 2018 | GMT +5
Түрікменстан президенті жүгіру эстафетасына қатысып, спорткарды тізгіндеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов Лебап велаятының әкімшілік орталығы Түрікменабат қаласында «Ұлы Жібек жолы» бұқаралық спорт жарыстарына бастау берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Түрікменстан бүгін» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Акция жеңіл атлетика эстафетасынан басталды. Ол Түрікменабадтың бас көшесі - Битарап Түрікменстан даңғылында өтті. Эстафетаның алғашқы кезеңінде ел басшысы Гурбангулы Бердымұхамедов те жүгірді. Одан әрі веложарыс басталды.
Кейін Түрікменстан президенті авторалли жарыстары өтетін орынға келді.
Қазір елде «Амуль-Хазар 2018» халықаралық ралли жарыстарына дайындық жүріп жатыр, ол 2018 жылғы 9-14 қыркүйекте өтеді.
Г. Бердымұхамедов спорттық автомобильге отырып, раллидің бастапқы бөлігін жүріп өтті.
Артынша, Түрікменстан ІІМ және Автоспорт федерациясы экипаждарының жарысы болды.
Фото: tdh.gov.tm