2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Түрікменстан үкіметінде ауқымды өзгерістер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан үкіметінде жаңа кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды «Туркменистан сегодня» мемлекеттік ақпарат агенттігі.

Түрікменстан үкіметінде ауқымды өзгерістер болды

Ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қатысқан экономика мен әлеуметтік салалардың тоғыз айлық қорытындыларына арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысында кадрлық мәселелер де қаралды.

Отырыста Г. Бердімұхамедов Қаржы министрлігі мен Экономика және даму министрлігін қосып, олардың базасында Қаржы және экономика министрлігін құрылғанын жариялап, жаңа құрылымның алдына қойылатын міндеттерді атады.

Сонан соң президент Министрлер кабинеті төрағасының экономика, банк және халықаралық қаржы құрылымдарымен жұмыс жөніндегі орынбасары міндетін уақытша атқарушы О. Гурбанназаровты лауазымынан босатып, оның орнына Г. Мырадовты тағайындады. Қаржы және экономика министрі етіп Б. Базаровты тағайындаған президент жуық арада оның орынбасары лауазымына лайықты кандидатура табуды тапсырды.