Түрікменстан жерінде ежелгі заманда пілдің үш түрі мекен еткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстан жерінде ежелгі заманда пілдің үш түрі мекен еткен. Бұл туралы мәліметтер «Түрікменстанның ежелгі пілдері» атты кітапта келтірілген, деп хабарлайды turkmenistan.gov.tm .

Түрікменстан жерінде ежелгі заманда пілдің үш түрі мекен еткен

27 мамыр күні Түрікменстан мемлекеттік музейінде ғалым-палеонтолог, музейдің аға ғылыми қызметкері Аман Нигаровтың «Түрікменстанның ежелгі пілдері» атты кітабы таныстырылды. Автор ғылыми зерттеуді ресейлік И.А.Дубровомен бірге жазған. Кітап түрікмен, ағылшын және орыс тілдерінде жарық көрді.

Сипаттамалық бөлімнен бөлек, жұмыста Түрікменстан аумағында тіршілік еткен қазып алынған пілдердің үш түрлі болғандығын дәлелдейтін заттардың суреттері бейнеленген қосымша бар.

Еңбекте табылған палеонтологиялық материалдың жасы, олардың осы елде - миллионнан 200-250 мың жыл бұрын уақыт аралығында тіршілік еткен аумағының климаты мен табиғаты туралы баяндалады. Нигаровтың айтуынша, алғаш рет мұндай заттар 1943 және 1952 жылдары елдің оңтүстік-батысындағы геологиялық іздеу жұмыстары барысында табылған.

Мемлекеттік музейдің залдарында кітапта баяндалған бірнеше палеонтологиялық жәдігерлер сақталған: түрікмен орманы деп аталатын ежелгі пілдің бас сүйегінің қалпына келтірілген нұсқасы, фрагменттері және хазар деп аталатын пілдің төменгі азу тісі, сондай-ақ оңтүстік-піл тісінің эмалі бар.