17:17, 01 Шілде 2009 | GMT +5
Түрікменстанда Бердімұхамедовтің мұражайы ашылды
АШХАБАД. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Ашхабадта Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовтің мұражайы ашылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Мұражайдың ашылуы Бердімұхамедовтің маусымның 29-ында 52 жасқа толуына орайластырылды. Жаңа мұражайда үкімет мүшелері, парламенттің және «Галкыныш» - «Дәуірлеу» қоғамдық қозғалысына (Құрбанқұлы Бердімұхамедов бұл қозғалысты президенттік лауазымға кіріскеннен кейін басқарған болатын) енетін қоғамдық ұйымдардың өкілдері болды.