Түрікменстанда Кешірім Түні құрметіне 3,7 мыңнан астам сотталғанға рахымшылық жасалды

АСТАНА. 27 тамыз. ҚазАқпарат - Түрікмен президенті Құрбанқұлы Бердымұхамедовтың Жарлығымен Кешірім Түні - «Гадыр Гиджеси» (26-нан 27-сінші тамызға қараған түні), 3,7 мыңнан астам сотталғанға және 30-дан астам шетелдікке рахымшылық жасалды,

Түрікменстанда Кешірім Түні құрметіне 3,7 мыңнан астам сотталғанға рахымшылық жасалды

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Біз өз қателігін түсініп, одан сабақ алуға ниеттенген, жасаған ісіне шынымен өкінетін, жүрегінің түбінде иманы бар өзіміздің және шетелдік азаматтарға үнемі гуманизм акциясы аясында рахымшылық жасап келеміз», - деп атап көрсетті жарлыққа қол қою кезінде, жұма күні мемлекет басшысы.