Түрікменстанда президент сайлауының өтетін күні белгіленді

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Түрікменстанда президент сайлауы 2012 жылы 12 ақпанда өтеді. Бұл жөнінде түрікменстандық телеарна хабарлады, деп жазады Тoptj.com.

Түрікменстанда президент сайлауының өтетін күні белгіленді

Сайлаудың өтетін уақытын Түрікменстан Мәжілісі (парламент) белгіледі. Бұған дейін президент сайлауы 2007 жылы 11 ақпанда өткені есімізде. Ол күн өмір бойына президент болған Сапармұрат Ниязовтың қазасынан кейін (2006 жыл, желтоқсан) белгіленген болатын. Сол кезде сайлауда республика тұрғындарының 89,23 % пайыз даусын жинаған қазіргі президент Құрбанқұлы Бердымұхамедов жеңіске жетті.

Шілде айында бұрын елден қудаланған жергілікті оппозиция көшбасшылары Құдайберді Оразов пен Нұрмұхаммед Ханамов Түрікменстанға оралып, президент сайлауына қатысатындығы жөнінде мәлімдеді. Бұған дейін Құрбанқұлы Бердымұхамедов оппозиция өкілдеріне сайлауға қатысу үшін тең мүмкіндіктер мен жағдай жасайтындығын мәлімдеген болатын.