Түріктер Обаманың «қылығына» өкпелеп қалды

АСТАНА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - 30 шілде күні АҚШ Президенті Барак Обама Түркия Премьер-министрімен телефон арқылы тілдескен болатын.
None
None

Әңгіме барысында фотообъективке түсіп қалған Обаманың қолында бейсбол битасы болғандығы белгілі болып қалды. Фотосурет бірден интернетке тарап кетті.

Түрік оппозициясы Барак Обаманың суретіне ашынып, өз елдерінің Премьер-министріне осы жағдайға қатысты қандай шаралар қолданатындығы туралы Парламент алдында есеп беруін талап етуде.       

Ақ Үйден мәлім еткендей, фотосуреттің көпшіліктің назарына ұсынылуының басты мақсаты - екі ел президенттері арасындағы қарым-қатынастардың қаншалықты тығыз екендігін көрсету болған.   

Түрік басылымдарының кейбірі бұл «шатақты» әзілмен қабылдады. Олардың бірі Түркия үкіметінің басшысы АҚШ Президентіне кезекті рет телефон шалғанда қолына бәтеңке, белдік немесе оқтау алып жауап қайтаруға кеңес берді. 

Соңғы жаңалықтар