Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Түріктің Диярбакыр әуежайы зымырандық нысанаға ұшырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның оңтүстік-шығысындағы Диярбакыр азаматтық әуежайы ғимаратына төрт зымыран жіберілді, деп хабарлады РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.

Түріктің Диярбакыр әуежайы зымырандық нысанаға ұшырады

Алдын ала мәліметтер бойынша, зымыран соққысынан құрбан болғандар жоқ. Әуежайдың жолаушылары мен қызметкерлері қауіпсіз жерге паналады.

Жергілікті биліктің ақпаратына қарағанда, шабуыл мақсаты полицияның бақылау-өткізу бекеті болған. Оқиға салдарынан рейстер тоқтатылған жоқ.

Зымырандық шабуылды жүзеге асыруға Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясының мүшелері күдіктелуде.