Туристер 150 млн. жыл бұрын өмір сүрген мезозаврдың сүйегін тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - 150 млн жыл бұрынғы мезозаврдың сүйегін Ямал-Ненецк автономиялық округінде «Жабайы солтүстік» балық аулау клубының мүшелері өзеннен тапты, деп хабарлады ИТАР-ТАСС тілшісіне клуб төрағасы Евгений Свитов. Енді РҒА Орал бөлімшесі сүйекті судан алу мәселесін шешуде.

Туристер 150 млн. жыл бұрын өмір сүрген мезозаврдың сүйегін тапты

Ол Рута-Ю өзенінен табылды. «Олег Юшков тобы мүшелерінің қайығы қатты затқа соғылды. Су аса терең болмағандықтан ежелгі заманғы жануардың басына ұқсас тасты байқаған. Ол жәдігерді суретке түсіріп, бізге көрсетті, - деді Свитов. - Бастапқыда күмәнмен қарадық. Ямальға мезозавр қайдан келсін! Алайда Юшков түсірілімді мәскеулік ғалымдарға жіберді, олар тасқа айналған мезозаврдың сүйегі екенін анықтады, жасы шамамен 150 млн. жыл.

Мезозавр - Оңтүстік Африка, Аргентина, Антрактидадан ерте пермдік кезеңдегі анапсидтік бауырымен жорғалаушылардың түрі.