Туристер 230 ақ аюдың «тойын» көрді

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік теңіз жолымен саяхаттап жүрген туристер 230 ақ аюдың тобын көру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Чукотканың «Врангеля аралы» қорығы.
None
None

Жыртқыштар жағаға шығып қалған киттің жемтігіне бола жиналған.
null 

«Бұл жерде ұрғашы да, аталық та аюлар, сондай-ақ түрлі жастағы қонжықтар да болды. Төрт қонжығы бар екі ұрғашы аюды кездестірдік», - делінген қорықтың баспасөз қызметінің хабарламасында.
null 

null 

Осы ерекше оқиға туралы дерек аталған аралда жұмыс істеген ақ аюлар популяциясына бақылау жүргізетін халықаралық ғылыми топқа хабарланды. 

null 

Соңғы жаңалықтар