Туристер Байкал жағалауында қырылған итбалықтардың үстінен түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Туристер Бурятиядағы Жаңа Энхалук кентінде Байкал жағалауына шығып қалған 30-ға жуық өлі итбалықтың үстінен шықты.
Бұл туралы «Комсомольская правда» газетінің сайты хабарлады.
Басылым атап өткендей, сол маңайда квадроциклге мініп жүрген демалушылар келеңсіз оқиғаның куәгерлері болды. Итбалықтардың денелері жарақаттанған, жануарлардың қалдықтары жағалауда шашырап жатыр - оларды бір-бірінен бірнеше метр қашықтыққа лақтырып тастаған. Байкалдық итбалықтардың неліктен өлгені белгісіз. Олардың браконьерлердің құрығына түсіп қалғаны, аурудан немесе өзге де себептерден өлгені белгісіз. Егер оларды браконьерлер аулаған болса, не үшін жағаға лақтырып кеткені түсініксіз. Итбалықтар Қызыл кітапқа енгізілген, олардың терісі өте қымбат бағаланады. Сондай-ақ, майы да емдік қасиетке ие.
Жаңа Энхалуктегі жантүршігерлік оқиғаның суреттері әлеуметтік желіге тарап кетті. 