Туристер Бурабай табиғатын тікұшақпен тамашалай алады

АСТАНА. KAZINFORM — Келер жылдан бастап Бурабайға қыдырып, демалуға баратын туристердің әсем өлкенің табиғатын тікұшақпен тамашалау мүмкіндігі болады. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов мәлім етті.

В нацпарке «Бурабай» усилят охрану молодых елей и сосен
Фото: Ұлттық парктің баспасөз қызметі

— Биыл қыркүйекте үлкен кәсіпорынмен келісімшарт жасалды. Келесі туристік маусым басталғанда тікұшақпен 15-20 минут және жарты сағат көлемінде Бурабайды айналып, экскурсия жасауға болады. Бұл Бурабайдың керемет сұлу табиғатын әуеден көруге мүмкіндік, — деді Марат Ахметжанов агенттік тілшісінің сауалына жауап бере тұрып.

Әкімнің айтуынша, тікұшақпен экскурсияны жеке компания жүзеге асырады және бағаны өздері қояды.

— Бағаны уақытына, яғни 15 минут, 20 минут тапсырысқа қарай қояды, — деп толықтырды өңір басшысы.

Бұған дейін полицейлер Бурабай табиғи аймағын дронның көмегімен күзететіні туралы хабарлаған едік. 

Одан бөлек, жазда Бурабай көлдері бейнебақылау камераларының көмегімен бақыланатыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар