Туристер қалың қар салдарынан Эйфель мұнарасына кіре алмауда
БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Тоқтамай жауған қалың қарға байланысты Парижедегі Эйфель мұнарасы уақытша жабылды. Бұл туралы тарихи ғимарат басқармасының ресми сайтында жарияланған деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.
Жұмысшылар қар мен мұзды күрекпен тазалап жатыр, мұнараның баспалдақтары мен алаңшалары қар мен мұздың құрсауында тұр.
«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты жұма, сенбі күндері Эйфель мұнарасы уақытша жабылады» деп жазылған компанияның ресми сайтында.
Тарихи нысанды мұздан тазалау өте қиын да күрделі жұмыс. Себебі темірден құрастырылған ғимараттың алаңшаларына тұз себуге болмайды, мұзға құм себуге де тыйым салынған, құм түйіршіктері лифт жолдарын зақымдайтын көрінеді.