Туристер кішкентай дельфинмен «селфиге» түсіп жүріп, оны өлтіріп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аргентинада кішкентай дельфин жағажайдағы демалушылардың «селфиінің» құрбаны болды. Туристер толқынмен жағаға шығып қалған дельфинді тауып алған, оны суға жіберудің орнына бір-бірінің қолынан алып суретке түсіре бастаған. Онымен суретке түсірушілер көп болып, сүтқоректі су жануары ыстықтан үсті кеуіп, адамдардың қолында өлді, деп жазады PhoneArena.
None
None

Жергілікті БАҚ-тың жазуына қарағанда бұл - Оңтүстік Американың жағалауындағы ла-плат дельфиндер түріне жатады. Ол киттәрізділердің ішінде көлемі ең кішкентайы.

Wildlife Foundation in Argentina ақпаратына сенсек, бұл дельфиндер терісі қалың болғандықтан, құрғақта көп бола алмайды яғни, денесі құрғап су жетіспеушілігінен өледі. Жануарларды қорғайтын ұйым болған жайтты Аргентинадағы сорақы оқиға деп бағалап, оған өз алаңдаушылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар