Туристер танымал итальяндық жағажайдың құмы мен тастарын ұралауда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Италияның Сардиния аралының Cagliari-Elmas халықаралық әуежайында күн сайын бұл елден қайтып бара жатқан туристердің жүгінің арасынан жағажайдан алынған құм, бақалшықтар мен тастар салынған ондаған бөтелкелер табылып жатыр, деп хабарлайды «Италия по-русский».
None
None

Әуежайдың кеден қызметінің қызметкерлері Facebook-те аралдың табиғи байлықтарын ұрлаушыларды әшкерелейтін фотосуреттер жарияланатын «Тоналған Сардиния» парағын ашқан. Ол аралға демалуға келетін туристерге әдемі бақалшықтарды т.с.с. тасымалдауға болмайтынын ескертуді мақсат етеді.

Итальяндық заң бойынша елдің жағажайларынан құм, тас, балдыр және басқа да табиғи байлықтарды тасуға тыйым салынған.

Туристердің бірінің жүгінен 25 келі осындай «кәдесый» табылған, оған айыппұл салынды. Әуежайда тәркіленген бұл табиғи байлықтар жағажайға қайтарылады. Сардиния аралына жыл сайын шамамен екі миллионға жуық турист барады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум