Туристер толы автобус көпірден өзенге құлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Перудің оңтүстік-батысында орын алған көлік оқиғасынан кем дегенде 15 адам жапа шекті, деп хабарлайды Риа Новости.
None
None

Оңтүстікамерикалық елдің полициясы сенбі күні Куско қаласынан 30 шақырым қашықтықта туристер мінген автобус көпірден өзенге құлап кеткенін хабарлаған.

Алдын ала болжам бойынша, жүргізуші бұрылыста көлікке ие бола алмай қалған. Барлық жапа шеккендер аймақтық ауруханаға жеткізілген. Солардың ішінде бірнеше адам айтарлықтай ауыр жарақат алғаны айтылады.

Туристердің қай елдердің азаматтары екендігі айтылған жоқ, әзірше тек олардың арасында АҚШ азаматтарының бары анықталған.

Соңғы жаңалықтар