Туристер үшін әлемдегі ең көңілді қала белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Берлин әлемдегі ең көңілді қала деп танылды, деп жазады The Independent.

Туристер үшін әлемдегі ең көңілді қала белгілі болды

Зерттеуді авиабилеттер сататын GoEuro компаниясымен ынтымақтасып GetYourGuide туристік компаниясы жүргізді. Олар 17 сайтқа сараптама жүргізген, олардың арасында TripAdvisor мен Yelp та болған. 1800-ден астам қала мейрамханалардың сапасы, барлары мен көрнекті жерлері бойынша бағаланған.

Басылымның мәліметтеріне қарағанда, Берлин басқа қалалардан өзінің арзан сырасымен, сонымен бірге, қала барларында «соңғы тапсырыс» дегеннің болмайтынымен өзгешеленген.

Екінші орында көңіл көтеретін түнгі клубтары мен үздік концерттері үшін Лондон тұр. Үшінші орында - Париж.