Туристер үшін театр мен киноға бару ең қымбатқа түсетін қала анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдени демалу үшін Еуропадағы ең қымбат қала ретінде Лондон анықталды.
None
None

Ұлыбританияның корольдік поштасының Travel Money қызметі жүргізген зерттеулерге қарағанда, Лондондағы корольдік балетке баруға екі билет алсаңыз, ол үшін қалтаңызда £91 ($150) болуы шарт, ал Будапеште оған небәрі £15 ($25) жұмсайсыз. Сондай-ақ ағылшындар астанасында сурет галереяларына, мұражайлар мен операларға, классикалық музыка концерттеріне бір рет барудың өзі үшін £250 ($420 астам) көлемінде қаражатыңыз болуы керек. «Көптеген елдердің астаналарында әлемдік деңгейдегі мәдени демалыс орындары бар, ал мұндағы баға айырмашылығы тым жоғары. Сондықтан өнерсүйер қауым арзанырақ жерлерді таңдау арқылы жүздеген фунттарын үнемдей алады», - дейді Travel Money басшысы Эндрю Браун. Айта кетейік, 2013 жылы Темза қаласында 16,8 млн. турист болып, мәдени орындарға £11 млн. ($18,5 млн.) астам қаражат жұмсаған. Ал Варшавада мәдени мекемелерге бас сұқсаңыз небәрі £70 ($116) көлемінде қаражат жұмсайсыз, ол бұл тұрғыдағы ең арзан қала саналып отыр. Еуропадағы мұражайы мен концерттік залдары қалтаңызды көп қақпайтын қалалардың қатарында Будапешт пен Прага да бар (сәйкесінше £80 ($133) және £93 ($154), деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Соңғы жаңалықтар