Туристерді шошытқан питон гольф ойынын тоқтатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африканың Зимбали жеріндегі алаңда алып жылан гольф ойынының тоқтатуына себепкер болды. Алғашында демалыстағы туристер бұл оқиғаға онша мән бермеген көрінеді.
Олардың бірі питонды құйрығынан ұстап сүйреп көрмек болғанымен, жыртқыш кенеттен қозғалғанда, қашып үлгерді.
Мекендейтін орны жақын болғандықтан алып жыландар бұл жерге жиі келіп тұрады екен.