Туристердің қалауы түскен ТОП-10 қала

АСТАНА. ҚазАқпарат - Euromonitor International зерттеу агенттігі шетелдік туристердің таңдауы жиі түсетін әлемдегі жүз атақты қалаларды атады.

Туристердің қалауы түскен ТОП-10 қала

Атап өтерлігі, биыл бірінші ондыққа Азияның бірден алты қаласы енді. 32 азиялық қала жүздікке кірді. Бұл шетелдіктер үшін осы өңірдің ерекше тартымдылығын көрсетеді.

Бірінші орында - Гонконг. Қалаға келген саяхатшылардың жалпы саны 24 млн. адам. Екінші орында - Сингапур. Бұл жаққа 21 млн. саяхатшы ат басын тіреген. Бұл додада Бангкок (15, 8 млн. адам) пен Лондон (15,5 млн. адам) тең түсіп тұр. Мәскеу рейтингте 24-ші орынды иеленді.

Халықаралық ұшулар санының көрсеткіші бойынша елдердің бестігіне Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Қытай және Ресей кірді. Осыған байланысты көптеген елдер туристерді тарту мақсатында визалық оңайлатылған режімге көшіпті. Мысалы 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Оңтүстік Корея ресейліктерге ұзақтығы 60 күннен аспаса, визасыз-ақ келе берулеріне мүмкіндік берді.

Туристердің қалауы түскен топ-10 қала

1. Гонконг 2. Сингапур 3. Бангкок 4. Лондон 5. Макао 6. Куала-Лумпур 7. Шэньчжень 8. Нью-Йорк 9. Анталья 10. Париж