Туристі құтқарып, өзі қаза тапқан ұшқыштың видеосы жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үндістанның Калимпонг қаласында параплан апатқа ұшырады. Қону кезінде ұшқыш қаза тауып, жолаушыны құтқарып қалған, деп жазады The Mirror.

Туристі құтқарып, өзі қаза тапқан ұшқыштың видеосы жарияланды

Сондай-ақ, басылым парапланның құлап бара жатқан видеосын жариялады.

Оқиға Батыс Бенгалия штатында болған. Жарияланған видеода ұшқыш Пурушоттам Тимсина ұшатын құрылғыны басқарып отыр, бірақ бір сәтте күмбезінде ақау барын байқайды.

Жолаушы Гаурав Чоудхари не болып жатқанын бірден түсінбеген. Олар бірнеше секундтан соң жерге құлаған. Тимсина алған жарақаты салдарынан қаза тапты.