Туристік бизнес өкілдері Ресейдің туристік нарығындағы дүрбелең жөнінде мәлім етті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік туристік нарықтағы дүрбелең жайлы Ресейлік туристік индустрия одағының баспасөз хатшысы Ирина Тюрина мәлім етті.
None
None

«Бізге түрлі қалалардан туристер және оларға не деп жауап берерін білмейтін туристік агенттіктер қоңырау шалып, алдын-ала төленіп қойған жолдамалармен не болатыны жайлы сұрап жатыр», - деді ол.

Тюринаның сөзіне қарағанда, Ресейлік туристік индустрия одағы Ресейтуризм федералдық реестрден 19 компанияны алып тастау шешімін қабылдауға дұрыс уақытты таңдамаған деп санайды. «30 желтоқсанда осындай шешім қабылдағаны түсініксіз болды. Он мыңдаған туристер демалыс күндері сапарға шығады. Операторларды реестрден алып тастау орынсыз болды», - деді ұйымның баспасөз хатшысы.

Тюрина татап өткендей, нарықтан түрік туристік компанияларының және олармен байланысы бар туристік агенттіктердің шығуы жұмыссыздықтың көбеюіне әкелуі мүмкін, деп жазды РБК .

Туроператорларды федералдық реестрден алып тастаы наразылық тудырғанын Туроператорлар қауымдастығынан да айтты. Ұйымда атап өткендей, реестрден «Пегас Туристик» пен «Анексті» алып тастағанда туроператорлар өзінің құжаттарында бұл туралы уақытылы хабарламады.

30 желтоқсанда Ресейтуризм 1 қаңтардан туроператорлардың федералдық реестрінен түрік бизнесімен байланысы бар 19 заңды тұлға алынатынын жариялады. Олардың арасында «Пегас Туристик», Coral Travel, Sunmar tour және «Анекс» бар.

Сәрсенбі, 30 желтоқсанда, ресейлік үкімет 1 қаңтардан түрік компанияларының жұмыс істеуіне тыйым салынған тізімді жариялады. Түрік фирмаларына ғимараттар мен инженерлік құрылымдарды салуға, мамандандырылған құрылыс жұмыстарын жүргізуге, сәулет, инженерлік-техникалық жобалау, техникалық сынақтар салаларында қызмет етуге тыйым салынды. Түрік компаниялары ресейлік қонақ үйлерге, туристік агенттіктерге және өзге де ұйымдарға ие болып, басқара алмайды. Сонымен қатар, мемлекеттік және муниципалдық тапсырмаларды орындауға түрік компанияларын тартуға тыйым салынады. Фото: Сергей Савостьянов/ТАСС

Соңғы жаңалықтар