Туристік маусым кезінде Ыстықкөлге жүретін пойыздар кестесі өзгерді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жазғы туристік маусым кезінде Ыстықкөлдегі пойыздардың кестесі өзгертілді, деп хабарлайды 24.kg .
«Кыргыз темир жолу» ҰК» МК хабарлауынша, «Бішкек - Рыбачье» және «Рыбачье - Бішкек» туристік пойыздары 16 маусымнан 30 шілдеге дейін жұма, сенбі және жексенбі күндері, ал 31 шілдеден 31 тамызға дейін - күн сайын қатынайтын болады.
№ 608 «Бішкек I - Рыбачье» пойызы: «Бішкек I» стансасынан жергілікті уақытпен сағат 6.25-те шығады, Рыбачьеге келу уақыты - 11.20.
№ 609 «Рыбачье - Бішкек I» пойызы: жүру уақыты - 17.08, келу уақыты - 21.58.