Туристік топ 2003 жылдан бері алғаш рет Иракта болды
МӘСКЕУ. Наурыздың 21-і. ҚазАқпарат – АҚШ пен Ұлыбританияның 8 азаматы Иракта туристік сапарда болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Утро.ру» агенттігіне сілтеме жасап.Олар Иракта 2003 жылы әскери жанжал басталғалы алғаш рет келген туристер болды.
15 күндік турды англиялық компания ұйымдастырды, оған ел астанасы - Бағдадтың вавилон кезеңіндегі, күрд аймағындағы тарихи ескерткіштерде болуы кіргізілген. Туристер өз сапарларына риза болған.