«Туристке арналған sos-батырма» қауіпсіздік жүйесі енгізіледі

«Туристке арналған sos-батырма» қауіпсіздік жүйесі енгізіледі
Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Интернетпен қамтылмаған аймақтарда «Туристке арналған sos-батырма» қауіпсіздік жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев айтты.

«Экотуризмге сұраныстың артуын ескере отырып, ұлттық саябақтарға бару көрсеткіштерінің өсуі байқалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық саябақтарға 2,4 миллионнан астам адам келді. Бүгінде Қазақстан бойынша 16 визит-орталық жұмыс істейді, оның ішінде 7-еуі ұлттық парктер аумағында орналасқан. Өткен жылы Алтын-Емел, Шарын және Іле-Алатауы ұлттық парктері жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық 3 жаңа визит-орталықпен толықтырылды», - деді ол.

Министр алдағы жазғы маусым қарсаңында азаматтар мен туристер үшін қауіпсіздікті сақтау өте маңызды екендігін айтты.

«Сондықтан жергілікті атқарушы органдар судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу, су айдындары мен таулы жерлерде қауіпсіздікті арттыру жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Министрлік интернетпен қамтылмаған аймақтарда жұмыс істейтін «Туристке арналған SOS-батырма» қауіпсіздік жүйесін енгізу мәселесін пысықтауда. Бұл отандық әзірлеме саналады», - деді Ермек Маржықпаев.

Соңғы жаңалықтар