Туризм қауіпсіз болсын десек, вакцинацияны міндетті ету керек – ресейлік маман
Дегенмен, бәрі эпидемиологиялық жағдайдың қалай өрбитініне байланысты, деді РФ Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас инфекционисі Владимир Чуланов. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Шынында, егер инфекцияның алдын алатын вакцина немесе өзге тиімді құрал пайда болса – бұл ең оңтайлы шешім болар еді. Себебі вакцинопрофилактика – ең тиімді қорғаныс. Егер осындай вакцина пайда болса, біз атап өткен талаптың енгізілуі мүмкін. Бірақ барлығы мемлекеттердің шешіміне және жалпы коронавирустың тарау жағдайына байланысты болады», - деді Чуланов.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігінің кеңесшісі Сергей Глаголев жақын жылдары халықаралық саяхат жасау үшін қойылатын негізгі талаптардың қатарына коронавирусқа қарсы екпе жасату болуы мүмкін деп болжаған еді.