Туризм комитеті қазақстандықтарды израиль-палестина қақтығысы аумағына барудан бас тарта тұруды сұрайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті израиль-палестина қақтығысының ушығуына байланысты Қазақстан азаматтарынан Израиль, Газа Секторы мен Иордан өзенінің батыс жағалауына барудан тараптардың соғысты толық тоқтату режиміне көшкенге дейін бас тарта тұруларын сұрайды.
«Изральдің оңтүстік қалаларында, соның ішінде Сдерот, Ашкелон, Ашдод, Беэр-Шева, Кирят-Гат, Нетивот және Офаким қалаларында уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан азаматтарынан барынша сақтықта болуды, қажет болған жағдайда Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің Консулдық бөліміне хабарласуларын сұраймыз. Консулдық бөлімге 03516-3411 телефоны бойынша қоңырау шалуға, Туризм индустриясы комитетіне t.sailauuly@mfa.kz. электрондық поштасына немесе 8 (7172) 74 91 63 телефонына хабарласуға болады», - делінген баспасөз баянында.