Туризм проблемаларын шешуге жауапты Жедел үйлестіру кеңесі құрылады

АСТАНА. KAZINFORM – Үкімет жанынан туризм проблемаларын шешуге жауапты Жедел үйлестіру кеңесі құрылады.  Премьер-министр Олжас Бектенов ол кеңесті орынбасары Аида Балаева басқаратынын айтты.

Бектенов
Фото: Үкімет

- Тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық бекеттерді, құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтерін ұйымдастыру ісі барлық жерде бірдей шешімін таппай келеді. Қонақ үйлерде, туристік нысандарға жақын дәмханалар мен дүкендерде бағалар сол күйі қымбат. Шашылып жатқан қоқыстарға, демалыс орындарына апаратын жолдар мен көлік тұрақтарының жоқтығына қатысты туристер тарапынан түсіп жатқан шағым көп. Осындай мәселелерді шешу үшін барлық әкімдіктің, «Атамекен» палатасының, әр өңірден туризм саласындағы ірі кәсіпкерлердің, сондай-ақ тиісті сарапшылардың қатысуымен Жедел үйлестіру кеңесін құру қажет. Оған Аида Ғалымқызы басшылық етеді, - деді үкімет басшысы.

Үйлестіру кеңесі бір ай ішінде туризмді дамыту тұжырымдамасына арналған іс-қимыл жоспарын жаңартумен айналыспақ.

- Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары үшін тиісті индикаторларды қарастырып, туристік бизнесті қолдаудың нақты әрі тиімді шараларын әзірлеу керек. Әрі қарай туристік маусымды жедел қамтамасыз ету барысы жергілікті жерлерде әр облыстағы жедел штабтардың бақылауымен жүзеге асырылады, - деді Олжас Бектенов.

Сондай-ақ, ол «Kazakh Tourism» басшысы Талғат Ғазизовке лауазымына лайық екенін дәлелдеу үшін нәтиже көрсету керектігін ескертті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум