Туризм саласын дамытушыларға жыл сайын берілетін 10 үкімет сыйлығы тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей үкіметі туризм саласында жыл сайын берілетін 10 сыйлықты белгіледі.

Туризм саласын дамытушыларға жыл сайын берілетін 10 үкімет сыйлығы тағайындалды

Құқықтық ақпарат порталында жарияланған министрлер кабинетінің қаулысына сәйкес, бұл туризм саласын жандандыру мақсатында қолға алынып отыр. Оның сыйақы мөлшерінің әрқайсысы 1 млн. рубльді құрамақ, деп жазады Интерфакс. Биылғы байқау желтоқсан айында жарияланбақ. Оған қатысушылардың авторлық ұжымы 5 адамнан аспауы тиіс және олар туризм саласында тек әкімшілік немесе ұйымдастырушылық қызметтермен ғана шектеліп қалған тұлғалар болмауы керек. Бұл сыйлық ішкі туризмді, сондай-ақ әлеуметтік туризмді дамыту бойынша үздік жобасы үшін, туристік индустрия нысандарын дамытқаны үшін, туризм саласындағы үздік инновациялық жобасы үшін, қонақүй индустриясын дамытқаны үшін, туризм саласындағы кәсіби білім бойынша ең үздік жобасы үшін, сонымен қатар туризм саласындағы үздік ғылыми зерттеу үшін және РФ туристік өнімдерін өткізу (жолашарларды, интернет-сайттарды т.с.с.) бойынша үздік жобасы үшін сынды аталымдар бойынша берілмек.