Туризм саласындағы төмен бағалар қай елде?

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жыл бойынша туризм саласындағы төмен бағалар Үндістан мен Индонезия мемлекеттерінде орын алған. Аталмыш елдерде бір тәулік тұруыңыз үшін сізге 40 доллар болса жеткілікті. Егер үнемдей білсеңіз, 20 долларға да тұрақтауға болады дейді.

Туризм саласындағы төмен бағалар қай елде?

www.muslim.kz сайтының хабарлауынша, Непал мен Вьетнам елдерінде демалыстың бір күні 45 доллар тұрады. Ал, Лаоста бұл көрсеткіш 55-ке көтерілсе, Шри-Ланкадағы демалыстың бір күні 60 долларды құрайды.

Аталмыш тізім екі саяхатшының бір тәулік ішінде қонақ үй мен ішіп-жемге және көлік қызметіне төлейтін шығындары бойынша есептелген.