Туризм үшін ең қауіпсіз елдер аталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Туристік сапар үшін ең қауіпсіз ел болып Финляндия танылды. Дүниежүзілік экономикалық форум (WEF) жариялаған The Travel and Tourism Competitiveness Report 2019 рейтингінің нәтижесі осындай, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Туризм үшін ең қауіпсіз елдер аталды

Рейтингте екінші және үшінші орынды Исландия мен Оман иеленді.

Ал ТОП-10-ға Швейцария, Гонконг, БАӘ, Люксембург, Португалия және Жаңа Зеландия кірді.

Катар, Эстония, Жапония, Австрия, Словения, Испания, Норвегия, Чехия, Австралия және Бруней елдері 11-20 орындарға жайғасты.

Туристерге саяхаттау үшін қауіпті елдер қатарына Сальвадор, Нигерия, Йемен, Венесуэла және Гондурас еніп отыр.

Рейтингте полицияның сенімділігі, адам өлімінің саны, терактілер мен терроризм әрекеттері, қылмыс пен зомбылықтың деңгейі есепке алынған.