Туризм және спорт министрі қазақ күресінің чемпиондарын құттықтады

АСТАНА. KAZINFORM- ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында қазақ күресінен өткен бәсекенің жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті.

қазақ күресінің чемпиондары
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Кешенді ойындардағы қазақ күресінен жарысқа әлемнің 41 елінен 274 спортшы қатысты. Жарыс бағдарламасына сәйкес, балуандар 16 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қазақ балуандарының еншісінде - 15 медаль (12 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль) бар.

Министр кездесуде қазақ күресінің ардагерлері – Диханбай Биткөзов пен Марат Жақиттың төл күресімізге сіңірген еңбегін ерекше атап өтті

Кездесу соңында Ербол Мырзабосынов пен Олимпия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері 8 салмақта жеңіске жеткен балуандарды жеңісімен құттықтады. Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Соңғы жаңалықтар