Туризм және спорт министрлігінде ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті
АСТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат - ҚР Туризм және спорт министрлігінде ведомство басшысы Темірхан Досмұхамбетовтың төрағалығымен ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған салтанатты жиын болып өтті, деп хабарлайды ТжСМ баспасөз қызметі.
«Ұжыммен кездесуде ведомство басшысы салтанатты жағдайда министрліктің бірқатар қызметкеріне құрмет грамоталарын, алғысхаттары мен партия билеттерін табыс етті. Сонымен қатар, «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік қызметке жаңа кірген мамандардың ант қабылдау салтанаты өткізілді», - делінген министрлік таратқан ақпаратта.