Туризм және спорт вице-министрі елордадағы қонақ үй кешендерінің басшыларымен жүздесті

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін Туризм және спорт вице-министрі Қайырбек Өскенбаев елордадағы қонақ үй кешендерінің басшыларымен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бас қосудың әңгіме өзегі биыл қазанның 1-і мен 9-ы аралығында Астанада өтетін Дүниежүзілік туристік ұйымы (ДТҰ) бас ассамблеясының 18 сессиясына дайындық жайы болды. (ДТҰ - БҰҰ-ның салалық ұйымы болып табылады). «Аталмыш беделді ұйымның кезекті сессиясына әлемнің 156 елі қатысады. Қатысушы мемлекеттерден туризм министрлері бастаған делегация, сонымен бірге осы саладағы 350-ге тарта халықаралық бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері келеді деп күтілуде. Абыройлы шараның ұйымдастырылуына, үздік өткізілуіне қонақ үй кешендерімен және туристік компаниялармен күш біріктіргеніміз дұрыс», деп атап көрсетті Қ.Өскенбаев.Вице-министрдің айтуынша, Астана көп көлемдегі қонақтарды қабылдауға және оларды орналастырып, жайғастыруға әзір. Күзде өткізілгелі отырған ауқымды шараға 1,5 мың адам келеді деп күтілсе, қаладағы қонақ үйлер 2,5 мың адамға дейін қабылдай алады.«Қазақстанның, Астананың беделін әлемге таныту үшін, елорда әкімдігі, Туризм және спорт министрлігі мен қонақ үй кешендері арасындағы байланыстарды одан әрі тереңдетуіміз керек. Жазда Англия-Қазақстан футбол ойынының кездесуі өтеді, әлемдік дін өкілдерінің құрылтайы жақындады. Шараларды өткізу, шетелдіктерді қабылдаудағы ұйымдастыру жұмыстары бірлесе жасалуы қисынды болар еді», дейді ол.
Соңғы жаңалықтар