Туризмді дамыту 2020 жылға қарай 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді - Ә.Исекешев

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - Туризм саласын дамыту 2020 жылға қарай 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифингте Премьер-Министрдің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев айтты.

Министрдің атап өтуінше, туризмды дамыту азаматтарды жұмыспен қамтып, шағын және орта бизнестің қарқынды дамуына үлес қосуға қауқарлы салалардың бірі бола алады. «Сондықтан да біз бұл жұмыстарды бірнеше бөліке бөлдік. Біріншісі, бұл Қазақстанда пайда болып, дамуы ықтимал ұлттық кластерлер. Олардың ішінде әлеуеттісі бесеу. Әрине, оның алғашқысы Астана төңірегінде, Бурабаймен, Қорғалжынмен және іргелес жатқан өңірлерді шоғырландырады. Екіншісі, Алматы мен Алматы облысының төңірегінде. Үшіншісі - Жібек жолы, яғни бірінше өңірді біріктіретін Оңтүстік Қазақстан облысы. Төртіншісі - Шығыс Қазақстан. Ал соңғысы - Кендірлі, яғни жағажай туризмін дамыту. Біздердің бұлармен қоса өңірлік туризмді дамыту бағытында да жұмыс істегендігіміз түсінікті», - деді ол.

Ә.Исекешевтің айтуынша, өңірлерде туризмді дамытуға бағытталған шамамен 20 шағын жоба жүзеге асырылуда.

«Бізде өте тамаша орындар өте көп. Әсіресе, отаншылдықты дамытуға септігін тигізетін ішкі туризмді гүлдендіру бағытын ұстанып отырмыз. Шамамен 2020 жылға дейін мемлекеттің толыққанды қолдауының арқасында туризм 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындарын ашуға септігін тигізеді деп ойлаймыз», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар